13.03.24
12 наурыз күні Сынып жетекшілер кеңесінің жоспарына сай колледж педагог-психологы Садуакасова Ж.С. мұғалімдердің кәсіби шаршаудың алдын алу мақсатында «Стресс-менеджмент» тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг барысында «Кәсіби шаршауды экспресс-бағалау», «Кәсіби күйзелісті өзін-өзі диагностикалау», «Балалық шақтың қандай жағымсыз жағдай сіздің өміріңізге әсер етеді?», «Орманда серуендеу» проективті сауалнамалары алынып, талдау жасалды.Мұғалімдерді шаршататын, қажытатын, ашуландыратын, еңсесін түсіретін жайттан құтылуға көмектесетін «Нөлдеу техникасы», «Жуыну техникасы», «Сілкіну техникасы» сияқты тиімді жаттығулары жүргізілді. Тренинг соңында мұғалімдерге кеңестер беріліп, тәттілер таратылды.