04.04.24
Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні бәріңізге белгілі. Осыған орай 04 сәіур күні колледжіміздің студенттерімен "Есірткісіз қоғам" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге арнай келген спикерлеріміз:
-Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция майоры Қ. Смагулов;
-Көпсалалы аурухананың психологы А. Жузбай;
-ювиналды полиция инспекторы капитан М. Гиджевская.
Кездесуі барысында полиция қызметкері Канат Амангельдиевич студенттерімізге қызығушылық білдіріп, қылмыскерлердің арбауына түсіп, оңай ақша табамын деп, болашақ өмірлеріңізге қианат жасамауды сұрап,ескертіп кетті және есірткі туралы брошюралар таратылды. Ювиналды полиция қызметкері Мария Павловна заманауи алаяқтық және сақтық шаралары бойынша кеңестер берді. Аурухана психологы Айнұр Сералықызы жастар арасында есірткіге қатысты проблемалар жайлы ақпараттандыру деңгейін жоғарылату, психоактивтік заттарды қолдануға қарсы дағдыларды дамыу, нашақорлықтың зардабы мен адам өміріне залалы туралы жинақтаған ақпаратымен бөлісті.