03.06.24
29-31 мамыр аралығында Балқаш қаласында «Balkhash-2024: қиындықтар мен шешімдері» атты халықаралық су-климаттық форумы өтті.
«Балқаш-2024: проблемалар мен шешімдер» атты халықаралық су-климат форумының мақсаты азаматтық қоғам, ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, үкімет, бизнес және табиғатты қорғау жөніндегі халықаралық қауымдастықпен байланыста су, климаттық, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелердің өсу жағдайларындағы трансшекаралық Балқаш-Алакөл бассейнінің экожүйелерін сақтауға бағытталған.
Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, жергілікті қоғамдастықтардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ, ғылыми-сарапшылар, мәдениет қайраткерлері, өнеркәсіп өкілдері кәсіпорындар, ауыл шаруашылығы, бизнес, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдары қатысты.
Бұл форумда оқытушы Шайжанова Гулзада Карифуллаевнаның жетекшілігімен колледждің 1-2 курс студенттерінен құралған еріктілер тобы да белсене қатысты. Қонақтарды күтіп алу, тіркеу, көрме жұмысын ұйымдастырып, түсіндірме жүргізу сияқты жұмыстар атқарып, өз үлестерін қосты.