02.09.2024
1 қыркүйек күні колледж ауласында 1 курс педагогтер,студенттер және ата-аналары қатысуымен «Білім күні. Бейбітшілік күні. тақырыбында салтанатты шара өткізілді. Салтанатты шараның мақсаты: білім алушылардың білім алуға ұмтылысын, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру. Құттықтау сөз кезегін алған колледж дтректоры Айгүл Шаяхметқызы жаңа оқуға түскен студеттеріміз бен ата-аналарына ыстық лебізін білдірді. Ата-аналар комитетінің төрайымы Күлән Аманқызы мен студенттік праламент президенті Ілияс Мағруп құттықтау сөздерін айтып кетті. Парламент белсенді студенттері ән мен би өнерлерін көрсетіп кетті. Салтанатты жиын біткен соң арнайы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыста колледж ішкілік тәртіппен жалпы ережелері жеткізілді, осы орайда "Біртұтас тірбие" бағдарламасының маназдалағы мен алгоритімдері жеткізілді. Білім – өркениеттің бастауы, адамзатты бақытқа жеткізер шамшырағы! Білім күнінен бастау алған жаңа оқу жылы табысты, жемісті жыл болсын!