01.09.24
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының мазмұны жаңартылды. Мемлекет басшысы еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасын «Әділетті Қазақстан - Адал азамат - Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым арқылы сипаттады. Бұл үштаған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының басты идеясына айналып отыр. Бағдарлама адал еңбек пен қоғам игілігін алдыңғы орынға қоятын, адал азаматтарды тәрбиелеу арқылы озық ойлы ұлтты қалыптастыруға бағыт береді.
Тәрбие парадигмасын жаңарту қазіргі қоғамның мәселері, шешу жолдары, құндылықтар, әрекет, іс-шара, құзыреттілік, нәтиже арқылы көрсетіледі.
Бүгінгі семинарда бағдарламамен, оның негізгі басымдықтарымен, іске асыру бойынша жоспарымен толық таныстыру жұмысы өтті.
Абай айтқан «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Міне, осы қасиетті бойына сіңірген адамның келешегі зор, болашағы айқын болмақ. Адам баласының мәдениетін, парасатын тұлғалайтын да осы қасиеттер. Қамту 45 адам.