22.03.24
Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналды. Ұлы Абай айтқандай: «...ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп, той-тамаша қылады екен». Дәстүр бойынша колледж ауласында бүгін Ұлттық ойындар турнирі ұйымдастырылып асханамызда аса қасиетті тағам Наурыз көже әзірленіп барша студенттеріміз бен қонақтарымызға ақ дастарханға жайылып құрмет көрсетілді. Мерекелік концерттік кешті ұйымдастырушылар МЦМ-23-09р мен ТМ-21-09к тобы баршамызға ерекше көніл күй силады. Мерекелік кеште осы он күндік Наурызнама меркесі аясында өткен іс шара бойынша әкімшілік тарапынан жеңімпаздарды марапаттап өтті.Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын ағайын!!!