26.03.23
2023 жылдың 24 наурызында педагог-психолог Садуакасова Ж.С. «Табысты студент – ол қандай?» тақырыбында студенттік парламент фракциясының жетекшілерімен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Студенттер дамуға деген ұмтылыстағы қолдаудың не екенін, адамның дамуы қандай жағдайда табиғи түрде басталатынын, әлеуметтік ортаның жеке тұлғаның құндылық бағдарларына қалай әсер ететінін, әрқайсымыз үшін мотивацияның қайнар көзі қайдан пайда болатынын және өзіміздің ішкі жан-дүние дамуымыздың дұрыс бағытын анықтау үшін ішкі "компасты" қалай табуға болатынын білді. Іс-шара қатысушылары атап өткендей, аталған дөңгелек үстел олардың іс-әрекеттерінің шынайы түрткілерін жақсы түсінуге, өмірлік мақсаттарын түзетуге және басымдықтарды белгілеуге көмектесті, бұл олардың өздеріне деген сенімділік сезімін тудырды. Сенімділік деген ол өзінің ішкі әлеуетін жүзеге асыруда сәттіліктің кілті болып табылады.