13.10.2022 жылы кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу
бойынша іс-шаралар жоспары аясында және Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай
колледждің педагог-психологы Садуакасова Ж.С. онлайн форматта 1 курс студенттерімен және
олардың ата-аналарымен «Жасөспірімдердің психикалық денсаулығы» тақырыбында вебинар-тренингін өткізді.
Вебинар барысында келесі сұрақтар талқыланды: «Психикалық денсаулық дегеніміз не?»,
«Ата-ана ретінде сіз балаңыздың психикалық денсаулығында маңызды рөл атқарасыз ба?»,
"Балаңыздың психикалық денсаулығына қалай қамқорлық жасай аласыз?". Вебинардың соңында
ата-аналар мен студенттерге өздерінің психикалық денсаулығын сақтауға көмектесетін жадынама-ұсынымдар ұсынылды.
Жаңалық
онлайн вебинар-тренинг
2022 ж. 18 қазан
