5 қыргүйекте Қазақстан халқы тілдері күні мен қазақ әліпбиінің реформаторы,
Алаш арысы әрі ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойы аясында
«Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжінде СВ-21-09р тобы ұйымдастыруымен
«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты әдеби-танымдық кеш өтті (Топ кураторы –
Серикова А.Ж). Мерекелік іс-шараға 1-курс студенттері, ата-аналар және кештің
арнайы қонағы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Балқаш филиалы төрағасы Жарылғап Махмұт Сәдуақасұлы қатысты.
Іс-шараның мақсаты:
1. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін және Қазақстан аумағында тұратын халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын меңгеруге ұмтылысты қалыптастыру;
2. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстыру;
3. Отансүйгіштікке, өз елі үшін мақтаныш сезіміне тәрбиелеу
Іс шара
«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты әдеби-танымдық кеш өтті
2022 ж. 17 қазан