23.05.24
22.05.2024 жылы ЖМ "Қазақмыс" Корпорациясы политехникалық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында "Физикадағы нанотехнологияларды әртүрлі бөлімдерде қолдану" үздік жобасына облыстық конкурс ұйымдастырылып, өткізілді.
Байқаудың мақсаты – облыстағы ең белсенді және дарынды колледж студенттерін анықтау және қолдау; олардың ғылыми-инновациялық қызметін ынталандыру.
Байқауға Қарағанды облысының 19 колледжінен 25 студент қатысты. Байқау екі кезеңде өткізілді: іріктеу және жұмысты қорғау.
Екі турдың қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
1 орын - Мустафина Зере, Юхно Ангелина, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі, жетекшісі: Тлеубекова Гульбарам Боранбаевна.
2 орын - Кабдылкаримова Раянна, Қарағанды "Bolashaq" жоғары колледжі, жетекшісі: Табаракова Асель Табараккызы.
3 орын - Дмитришен Артем, Седов Дмитрий, КГКП «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі», жетекшісі: Екишева Шолпан Ермолаевна.
Жеңімпаздарға дипломдар, басқа қатысушыларға сертификаттар табысталды.