17.05.24
Колледжімізде 15- мамыр халықаралық отбасы күннін атап өту мақсатында ТМ-23-09қ тобы және топ жетекшісі Қазыбек Л.М. ұйымдастыруымен ашық сабақ өтті. “ Отбасы– тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы.“ Сол себептен отбасындағы құндылықтарды дәріптеуге негізделген іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік концертке қонақ ретінде ТМ-23-09қ тобының ата-аналары шақыртылды. Балалар ата-аналарына өз өнерлерін көрсетіп, асыл аналарымыз балаларына деген өз ізгі тілектерімен бөлісті.