24.04.24
24.04.2024 ж. ЭМ тобында оқытушысы Т.В.Граф «Электр қозғалтқыштарының жұмыс режимі» тақырыбында өндірістік оқытудың ашық сабағы өтті. Сабақтың құрылымы, мазмұны сабақты жүргізу әдістері жан-жақты қарастырылған және оқытудағы инновациялық тәсілдерге сәйкес келеді. Бұл студенттердің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуына және танымдық қызығушылығының дамуына ықпал етеді. Сабақ барысында педагог оқу қызметінің ұжымдық және өз бетінше жұмыс істеудің түрлі формаларын қолданды. Тапсырмаларды орындаудың әрбір кезеңінде жүйелі бақылау және білім мен дағдыларды түзету байқалды.