18.03.24
Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих.
Осыған орай республикалық Наурыз меркесіне арналған онкүндік шеңберінде колледжде 18 наурыз – «Ұлттық киім» күні өтті. Осы күні студенттер мен мұғалімдер үстеріне ұлттық стильдегі әр түрлі әрлендірген барқыт камзолдар, шапандар, сырма кеудешелер, ұзын кәжекейлер, ұлттық бас киімдер, ұлттық ою-өрнекті білезіктер мен сырғалар тағып, жас ұрпақтың ұлттық әшекейлерге қызығушылығы артып, өз тарихымыз бен әлі күнге дейін әлемдік деңгейдегі киім тігу шеберлеріне шабыт беретін керемет нәрселер жасаған бабаларымызға құрмет көрсетуге шақырды.
Ұлттық киім - ұлттың мәдениетінен,өмірінен сыр шертетін белгісі,ұлттың айнасы. Ұлттық киімдер күні құтты болсын!