07.03.2024
Ананы сыйлаған, имандылыққа ұйыған халқымызда «Ананың сүйген жері – отқа күймейді, оқ та тимейді» деген тәмсілге сай олардың жүзін мұң шалмауы үшін бар жақсылықтың жалғасатыны анық. Жер бетіндегі жақсылық атаулы аналардың үлкен жүрегімен әрленеді десек, жылына бір тойланатын мерекеде олардың еңбектерін бағалап, сый құрмет көрсету парызымыз. Осы орайда 7 Наурыз күні колледжіміздің ТМ-22 және ЭМ-22 тобтардың ұйымдастыруымен "Әлемді тербеткен ана" атты ашық сабақ өтті. Мерекелік құттықтау сөз алғашқы болып «Казахмыс» корпорациясының «Балқаш өңірі» бойынша ардагерлер одағынының төрайымы Балжан Укешбаевна бастап, колледж директоры Айгүл Шаяхметқызы әріптестерімізді қала әкімінің Алғыс хат пен құрмет Грамоталарды табыстады. Мереке барысында ата-аналар комитетінің төрайымы Күлән Аманқызы құттықтап студенттеріміздің ата-аналарыда ыстық лебіздерін білдіріп кетті. Студенттерімізден әсем әңдерді жаудырған колледжіміздің әйелдері өте көтерінкі күйде шыққан Ерлер ұжымынан дайындалған сыйлықтарға ие болды.
Қымбатты ханымдар! Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілейміз! Мереке құтты болсын!!!