01.03.24
Біреудің шынайы алғысына бөлену адамға үлкен рухани әсер береді. «Ел алғысын алсаң елеулісі боларсың» деп аталарымыз ұрпағына үнемі алғыс алуды өсиет еткен. Алғыс айтудың маңыздылығы орасан зор. Алғыс айта білу адамның өз мәдениеттілігін, қарым қатынас мәдениетінің жоғарылығын білдіреді. Алғыс айту күніне орай колледжіміздің демеуші тарапынан алғыс сөздер айтылды.