29.02.24
29 ақпанда «Сандар әлемді билейді» атты математикалық сауаттылық апталығы аясында колледжде «Бес плюс» веб-квест ойыны өтті. Ойынды математика пәнінің мұғалімі М.А.Қалықбекова жүргізді. Квест ойынына 1 курс студенттерінен құралған командалар қатысты. Барлығы 7 команда, 21 оқушы.
«Математикалық квест» - бұл виртуалды кеңістіктегі ойын-саяхат. Онда командаларға функционалды сипаттағы практикалық тапсырмалар ұсынылады. Табысты саяхат және алға қойған мақсатқа жету үшін командаларға білім, тапқырлық, ұйымшылдық қажет болды.
Сілтемені пайдалана отырып, командалар виртуалды бөлмедегі жасырған тапсырмаларды орындап, бөлмеден шығу кодын тапты.
Ойын қорытындысы бойынша СВ-23-09р тобы 1-орын, ТЭ-23-9к тобы 2-орын, МКМ-23-9р тобы 3-орынға ие болды.