15.02.24
15 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына
35 жыл толуына орай патриоттық сананы ынталандыратын, жастарды отан алдындағы борышын орындауға бейімдейтін тәрбие беру мақсатында колледжіміздің 1 курс студенттеріне ауған ардагерлерімен және «Қазақмыс» корпорациясының еңбек ардагерлерімен «Ауғанстан-жүректегі жара» атты ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Жиын барысы сұм соғыста каза тапқан батыр ағаларымыз бен есіл боздақтарымыздың рухына тағзым етіп, жарияланған 1 минуттық үнсіздікпен бастау алып «Арман» эстарадалық-вокал, «Сырлас» әдеби-танымдық және «United family» би үйірмелері өнерлерімен әрленді.
Ал жоғарғы курс студенттері үшін 12-15 ақпан аралығында аталмыш күнге байланысты кураторлық сағаттар ұйымдастырылды.
Ауған соғысы – жүректе жазылмайтын, тарихта орын алатын ерекше беттер. Отан үшін жанын қиған ержүрек батырларымызды мәңгі есте сақтап құрметтеу, кейінгі ұрпаққа ерліктерін дәріптеп, насихаттау әрбір азаматтың қасиетті борышы. Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен кездесе берейік!