01.02.24
2024 жылдың 31 қаңтарында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшылығымен «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында екінші «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік оқытушысы» облыстық байқауы өтті.
Байқау 3 модуль бойынша жүзеге асты:
І модуль: «Таратуға лайықты идеялар», «Q Talks» форматы арқылы
педагогикалық идеямен бөлісу
ІІ модуль: «Үздік панорамалық сабақ»
ІІІ модуль: «Үздік әдістемелік қоржын»
Байқауға облыс колледждерінен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 10 оқытушысы қатысты.
Қатысушылар өздерінің тың идеялары, озық тәжірибелерімен бөлісті. Жаңашыл, креативті ойларын саралап, әдістемелік қоржындарындағы еңбектерін ұсынды.
Байқау қорытындысы тәуелсіз қазылар алқасы шешімімен айқындалып, Бас жүлдеге колледжіміздің тілдер пәні оқытушысы оқытушысы Серикова Асыл Жанатовна ие болды.