30.03.23
30 шы наурыз күні математикалық сауаттылық апталығы аясында колледжде «5+» веб-квест ойыны өтті.
Ойынды математика пәнінің мұғалімі Қалықбекова Маржан Аманқызы жүргізді. Квест ойынына 1 курс ТМ-22-9к
тобының студенттері қатысты. Барлығы 6 команда, 17 студент.
«5+» веб-квест - бұл виртуалды ойын-саяхат, мұнда командаларға практикалық, функционалды сипаттағы,
математиканың қолжетімділігін көрсететін тапсырмалар ұсынылады. Табысты саяхат және алға қойған мақсатқа
жету үшін командаларға математикадан алған білімдері ғана емес, тапқырлық және ұйымшылдық қасиеттері де қажет болды.
Командалар сілтеме көмегімен саяхатшының бөлмесіндегі әр түрлі заттардың артына тапсырмалар жасырынған
виртуалды кеңсесіне кірді. Барлық тапсырмаларды орындап, командалар шығу есігінің кодын тапты. Квест ойынының
жеңімпаздарын құттықтаймыз! Олар: Қабдиман Досжан, Алпамысұлы Азамат және Сейіткәрім Жандар.
Қалған қатысушыларға тәттілер таратылды.