27.03.23
27 наурыз күні Қарағанды облысының барлық колледждерінде математикалық сауаттылық апталығы басталды. Осы науқаннан «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі де сырт қалмасы анық, осы орайда апта бойы колледжде практикалық және функционалды сипаттағы, математиканың әлеуетін, қолжетімділігін көрсететін, математикаға басқа – шығармашылық қырынан қарауға мүмкіндік беретін түрлі іс-шаралар жоспарланды.
Математикалық сауаттылық апталығы аясының бірінші күнінде «Формулаларсыз математика» (PISA зерттеуінің тапсырмаларымен жұмыс) викторинасы өтті. Викторинаны математика пәнінің мұғалімі М.А.Калыкбекова ұйымдастырды. Викторинада екі кезең жоспарланған. Бірінші кезең колледждің 1 курс студенттері арасында 60 студентті қамтитын «Kahoot» бағдарламасы бойынша интерактивті викторина, яғни іріктеу кезеңі. Ең жоғары ұпай жинап, іріктеуден сүрінбей өткен 10 студент екінші кезеңге өтеді.
Екінші кезеңде ұсынылатын тапсырмалар математикалық сауаттылық деңгейін анықтауға бағытталған, PISA салыстырмалы зерттеуінде пайдаланылған тапсырмалармен жұмыстар болды. Берілген тапсырмаларды қатысушылар қызыға орындады. Нәтижесінде екінші кезеңнен де мүдірмей өтіп, көрермен қошаметіне ие болған төрт жеңімпаз анықталып, марапатталды. Олар
МЦМ-22-9к тобының студенттері Қонысбай Аружан, Колбаев Олжас, Несипбек Зарина, Серікбол Самал.