24.02.23
2023 жылдың 20-24 желтоқсан аралығында педагог-психолог Ж.С.Садуакасова 1 курс студенттеріне «Интернет тәуелділігі»
тақырыбында психологиялық ағарту жұмыстарын жүргізді.
Бұл іс-шараның мақсаты: Интернетке тәуелділіктің алдын алу, балалардың интернеттегі қауіпсіздік тәртібі.
Студенттерге «Интернеттегі қауіпсіз жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар», «Интернеттегі мінез-құлық туралы
жасөспірімдердің ата-аналарына кеңестер» бейнероликтерін көру ұсынылды.
Іс-шара барысында келесі сұрақтар талқыланды:
• Интернет бізге не береді? Не пайда?
• Сіз интернетте болған кезде қандай қауіптерге тап болуыңыз мүмкін?
• «Сізге телефонды немесе компьютерді алғаш рет кім сыйлағаны есіңізде ме?
Келесі кезекте оларға гаджетсіз уақытты қалай тиімді өткізуге болатын бірнеше кеңестермен танысу ұсынылды.
Психолог жеткіншектерді слайдтағы ақпаратты пайдалана отырып, ескерту белгілерімен және мүмкін болатын мінез-құлықпен
таныстырды. Соңында студенттер стикерлерге кездесуден кейін өздерімен бірге пайдалы заттарды алып кететіндерін жазды.