06.01.2023
2023 жылдың 6 қаңтарында «Үйлесім» әлеуметтендіру фракциясының студенттеріне «стресске қарсы бояу»
техникасын меңгеру үшін «Арт-терапия» іс-шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты: эмоционалды күйзелістен,
қобалжудан арылта отырып, өзін-өзі көрсету және өзін-өзі тану қабілеттерін дамыту арқылы тұлғаның дамуын үйлестіру.
Іс-шара аясында қатысушылар босаңсытатын музыканың сүйемелдеуімен мандалаларды бояп,өздерінің қорқыныштарын анықтап,
оларды жағымды эмоцияларға айналдырды. Іс-шара соңында барлық қатысушылар өздерінің алған әсерлерімен бөлісті.