29.12.22
Колледждің жас педагогтары үшін 29.12.2022 ж. "Бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесінің ерекшеліктері"
әдістемелік семинары өтті. Сабаққа бес педагог қатысты. Мұғалімдер чек-парақтарды құрастыру тәжірибесімен бөлісті.
Колледж психологы Садуакасова Ж.С. жас педагогтар арасында жүргізілген сауалнаманы қорытындылады. Сауалнаманың мақсаты:
жас педагогтардың кәсіби қызметінде кәсіби дайындық деңгейін зерделеу және әдістемелік көмек көрсету.