22.12.2022
22.12.2022 кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті және асоциалды мінез-құлықтың алдын алу бойынша
іс-шаралар жоспары аясында колледждің педагог-психологы Садуақасова Ж.С. ерекше білім беру қажеттіліктері
бар студенттермен «Өмірге төзімділік» тақырыбында түзету-дамыту жұмысын жүргізді. Іс-шараға 17 студент қамтылды.
Мақсаты: студенттердің аутодеструктивті және асоциалды мінез-құлқының алдын алу.
Іс-шараның басында студенттермен өмірдегі қиындықтар, өмірлік мәселелер, дағдарыстық жағдайлар туралы әңгіме
жүргізіліп, студенттер салауатты өмір салты, болашаққа жоспарлар, өмірдегі әлеуметтену туралы белсенді түрде өз пікірлерін білдірді.
Іс-шара барысында қатысушылардан:
• өз қалауыңыз бойынша жеке парақтарда бір-біріне тілектеріңізді білдіру;
• проекциялық әдістеменің көмегімен мақсатыңызды анықтаңыз.
Іс-шара соңында студенттерге өткізілген іс-шара бойынша кері байланыс жасау ұсынылды.