09.12.22
08.12.2022жылы «Үйлесім» әлеуметтену фракциясының жұмыс жоспарына сәйкес фракция джокерлері Токболатова Алина мен Мағрұп
Ілияс колледж психологымен бірлесе отырып фракция құрамындағы студенттермен «Стресс менеджмент» тақырыбында психологиялық
тренинг өткізді. Студенттер арнайы дайындалған сұрақтарға жауап беріп, күнделікті өмірде күйзеліспен қалай күресетіндіктерін айтып берді.
Күйзеліске төтеп беру деңгейін арттыруға арналған жаттығулар орындалды. Кездесу соңында балалар алған әсерлерімен бөлісті. Ұсыныстар берілді.