30.11.22
30.11.22 жылы педагог-психолог Садуақасова Ж.С. жатақханада тұратын студенттермен «Команда құру,
нормалар, ережелер» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты – тәртіпті сақтай отырып,
өз құқықтары мен міндеттеріне дұрыс көзқарасты қалыптастыру. Студенттер белсенді, ынталы, қызығушылықпен
сұрақтарға жауап берді, ойын ойнады, «Алма терген адам» проективтік техникасын орындады. Іс-шара соңында
студенттер өздерінің жағымды эмоцияларымен, тренинг барысында алған әсерлерімен бөлісті.