3.10.2022ж. бастап 17.10.2022ж. дейін бірінші курс студенттерін оқу үрдісіне бейімдеу
шаралары аясында колледж психологы Садуақасова Ж.С. жаңадан қабылданған 9 топ арасында
психологиялық тренинг өткізді.
«Бірінші курс студенттерінің бейімделуі – оқу қызметі мен қарым-қатынастың жаңа жағдайларына
бейімделудің күрделі процесі. Бірінші курс студенттерінің сәтті бейімделуі үшін жаңа ұжымда
оқудың алғашқы күндерінен бастап жағымды эмоционалдық фон, белсенді өмір сүруге жағдай жасау,
ұжымда достық қарым-қатынас жасау маңызды. Әлеуметтік-психологиялық климатты жақсарту, топтық
қарым-қатынастың жағымды нормаларын қалыптастыру топтың бірлігін арттыру, ұжымды дамыту үшін
ғана емес, сонымен қатар оқу іс-әрекетінің табысты болуы үшін де маңызды».
Колледж психологы балаларға топтық бірлікке психологиялық тренингтер әзірлеп, ұйымдастырды.
Студенттерге әр түрлі жағдаяттық тапсырмалар берілді, сұрақтар қойылды, тренингке қатысушылар
серіктестік қарым-қатынас нормаларын, топта жұмыс істеу дағдыларын дамытуы, олардың арасында
сенімді қолайлы атмосфера мен ортақ коммуникативті мәдениетті қалыптастыруы тиіс шығармашылық жаттығулар жасалды.
Тренинг нәтижесінде әр студент өзінің даралығын көрсетті, студенттер бір-бірін жақсы танып,
тату ұжым болып жиналды, ең бастысы топ белгілі бір ситуациялық сәттерде ең жақсы, дұрыс
шешім қабылдауға үйренді. Қамту 142 адамды құрады.
Жаңалық
оқу үрдісіне бейімдеу шаралары
2022 ж. 22 қазан