13.10.22
Бүгін колледжде «Жігер» ЖАК-мен 1 курс студенттері арасында «Не? Қайда? Қашан?» атты зияткерлік ойыны өткізілді.
Шараға әр топтан 3 ойыншы қатысты. Қазылар алқасы, колледждің жас оқытушылары А.Ж.Серікова, А.Б. Сулейменова және
Т. Отыншиннің шешімдері бойынша, бірінші орынды ТМ-22-09 командалық тобы, екінші орынды МЦМ-22-1 тобы және үшінші
орынды ТЭ-22 командалық тобы иеленді. Жеңімпаздарды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ.