Отанды сүйю- отбасыдан басталады, колледж қабырғасында негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударылады.
Осыған орай 15-ші қыркүйек күні “Қазақмыс политехникалық колледжі” МЦМ-20-09 тобы студенттерінің ұйымдастырылған “Отбасы-бақыт мекені” атты ашық сабақ өткізілді.
Ашық сабақ барысында тақырыпқа сай қойылым көрсетіліп, студенттер тарапынан баланың ата-анаға деген махаббатын жеткізетін ән шашу тартылды.
Әкенің «батырым», шешенің «құлыным» деген сөзін естіп өскен баладан нар тұлғалы азамат пен азаматша шығатыны анық. Ашық сабаққа ата-аналармен
1 курс студенттері қатысты, жалпы саны 85 адам.
Жаңалық
Ашық сабақ
2022 ж. 18 қазан