Бүгінгі сапалы білім – ертеңгі кәсіби жетістік. Дәл осындай ұранды қару етіп алған «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі «WorldSkills Kazakhmys 2022» екінші корпоративтік кәсіби шеберлік чемпионатын ұйымдастыруды қолға алды. "WS" қозғалысының мақсаты – жұмысшы мамандықтарын танымал ету және жастарды кәсіби жетістіктерге жетуге ынталандыру.
Чемпионат 20 және 21 сәуірде біздің колледждің және корпорацияның құрылымдық бөлімшелерінің базасында өтіп, 5 құзыреттілік бойынша 50-ден астам жас шеберлерді бір аренада жинады. Әр үміткер өзінің жеңіске лайық екенін көрсете білді.
Іс-шараға «Talap» КеАҚ вице-президенті Татибеков Санжар Мейрханович, «Талап» КЕАҚ WorldSkills қозғалысын дамыту департаментінің директоры Гасимов Ринат Гаптулханович, «Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК директорының орынбасары Нартова Татьяна Георгиевна, APEC Тraining Сenter Бақылау кеңесінің негізін қалаушылар мен мүшелері Атырау қ. Айбасова Марияш, Койчуманов Али, колледж педагогтері, қала колледждерінің өкілдері мен әкімшілігі және басқалары қатысты.
Конкурстық бөлімнен басқа бірнеше алаң жұмыс істеді: дөңгелек үстелдер, семинар-презентациялар және оқыту семинарлары, онда қатысушылар ТжКБ саласында тәжірибе алмасып, пікірлерін ортаға салды.
Чемпионат қорытындысы бойынша біздің студенттер колледждің үкілеген үмітін ақтап, жүлделі орындарға ие болды
«Графикалық дизайн» құзыреті:
1 орын – Мұқамет Диас,
2 орын – Ахметов Даниил,
3 орын – Қасым Ерсұлтан.
«Дәнекерлеу ісі» құзыреті:
2 орын – Брусникин Руслан.
«Слесарлық іс» құзыреті:
1 орын – Тұраш Медет,
2 орын – Бабич Даниил.
«Электромонтаж» құзыреті:
1 орын – Андреев Даниил,
2 орын – Дерид Кирилл.
Жаңалық
Бүгінгі сапалы білім – ертеңгі кәсіби жетістік. Дәл осындай ұранды қару етіп алған «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі «WorldSkills Kazakhmys 2022» екінші корпоративтік кәсіби шеберлік чемпионатын ұйымдастыруды қолға алды. "WS" қозғалысының мақсаты – жұмысшы мамандықтарын танымал ету және жастарды кәсіби жетістіктерге жетуге ынталандыру. Чемпионат 20 және 21 сәуірде біздің колледждің және корпорацияның құрылымдық бөлімшелерінің базасында өтіп, 5 құзыреттілік бойынша 50-ден астам жас шеберлерді бір аренада жинады. Әр үміткер өзінің жеңіске лайық екенін көрсете білді. Іс-шараға «Talap» КеАҚ вице-президенті Татибеков Санжар Мейрханович, «Талап» КЕАҚ WorldSkills қозғалысын дамыту департаментінің директоры Гасимов Ринат Гаптулханович, «Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК директорының орынбасары Нартова Татьяна Георгиевна, APEC Тraining Сenter Бақылау кеңесінің негізін қалаушылар мен мүшелері Атырау қ. Айбасова Марияш, Койчуманов Али, колледж педагогтері, қала колледждерінің өкілдері мен әкімшілігі және басқалары қатысты. Конкурстық бөлімнен басқа бірнеше алаң жұмыс істеді: дөңгелек үстелдер, семинар-презентациялар және оқыту семинарлары, онда қатысушылар ТжКБ саласында тәжірибе алмасып, пікірлерін ортаға салды. Чемпионат қорытындысы бойынша біздің студенттер колледждің үкілеген үмітін ақтап, жүлделі орындарға ие болды «Графикалық дизайн» құзыреті: 1 орын – Мұқамет Диас, 2 орын – Ахметов Даниил, 3 орын – Қасым Ерсұлтан. «Дәнекерлеу ісі» құзыреті: 2 орын – Брусникин Руслан. «Слесарлық іс» құзыреті: 1 орын – Тұраш Медет, 2 орын – Бабич Даниил. «Электромонтаж» құзыреті: 1 орын – Андреев Даниил, 2 орын – Дерид Кирилл.
2022 ж. 16 мамыр
Медиа жаңалықтар
1 из 16