2022 жылдың 7 ақпан күні Zoom платформасында 1 курстың студенттері үшін қазақ және орыс тілінде «Кибербуллинг»
тақырыбында колледж психологы Ж.С.Садуакасова вебинар өткізді. Вебинардың мақсаты: қазіргі кездегі жасөспірімдер
арасындағы қысым көрсету, виртуалды қарым-қатынас және оның салдары туралы ақпарат беру.
"Мен кибербуллинг құрбанымын ба? Қалжыңды келемежден қалай ажыратуға болады? Кибербулингтің салдары қандай?
Мен кибербуллингке тап болдым, бірақ, ата-анама айтуға қорқамын. Қалай айтсам болады? Достарыма, егер, әсіресе, олар
өздері айтқысы келмесе, кибербуллинг туралы айтып беруге қалай көмектесе аламын? Мен жеке мәліметтеріммен айла-шарғы
жасалуына немесе мені әлеуметтік желілерде келемеждеуге қалай тосқауыл бола аламын? Егер мені біреу онлайн қорқытып
жатса, кімге айтуым керек? Осы туралы айту неге соншалық маңызды? Егер мен Интернетте агрессор немесе кибербуллер
болсам, не істеу керек?" деген сұрақтарға талқылау жасалып, қызу пікірталас болды. Вебинар соңында студенттерге
кибербуллерден қорғану туралы жадынамалар таратылды. Қатысушылар 97 студент.
Жаңалық
«Кибербуллинг» тақырыбында колледж психологы Ж.С.Садуакасова вебинар
2022 ж. 5 наурыз
Медиа жаңалықтар
1 из 3